Сәрсенбі, 05 ақпан, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Қылмыс жасаған екі мыңнан астам адам іздеуде жүр

13.09.2023

477 0

Елімізде қылмыс жасады деген күдікпен 2372 адам іздеуде жүр. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың 510-ы алаяқтық, 318-і ұрлық жасаған деген күдікке ілінген. Адам өліміне қатысы бар 146 адамға іздеу жарияланған.

Қашып жүргендердің ең көбі Алматы қаласынан. Онда іздеуде жүргендердің саны – 514. Астанада 185, Шымкентте 155, Алматы мен Қарағанды облыстарында 140-қа жуық адамға іздеу жарияланған.

Ал елімізде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың саны 11 мыңға жуықтаған. Олардың 77%-ы – 30-49 жас аралығындағы ер адам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: