Жаңа жыл қарсаңында «Бәйтерек» шағын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі пайдалануға берілді.
Көпірдің ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шәменов, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда қаласының, Арал ауданының Құрметті азаматы Имамадин Оңғарбаев және еңбек ардагері Жүзбай Таңрықбаев қатысты.
Еске салсақ, жуырда Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көшенің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізімен қосылатын тұсында жаңа көлік айрығы, Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелері қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілген болатын.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!