Жұма, 30 мамыр, 11:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

29.05.2025

151 0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелері, мәдениет саласының ардагерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

Отырысты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрмұрат Ерманов жүргізіп, аймақтың мәдени дамуындағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Күн тәртібінде «Аймақта мәдениет саласының дамуы: тәжірибелер мен перспективалар» тақырыбы қаралды. Баяндамашы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Қуантқанұлы Жанұзақов сөз сөйледі. Ол сала бойынша атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлар жайында баяндама жасады.

– Біздің басты мақсатымыз – мәдени мұрамызды сақтай отырып, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, ел бірлігін бекемдеу жолында мәдениет саласының әлеуетін толық пайдалану, — деді.

Қазіргі таңда облыс аумағында екі жүзден астам мәдениет нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде музейлер, кітапхана жүйелері, мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер, театрлар мен кинотеатрлар бар. Жыл сайын екі мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған жарты миллионға жуық тұрғын қатысады.

Сондай-ақ, соңғы жылдары цифрландыру аясында кітапханаларда электронды ресурстар қоры жасақталып, музейлердің экспозициялары жаңартылып, заманауи технологиялармен жабдықталып жатқандығы атап өтілді. Архив саласындағы құжаттар сандық форматқа кезең-кезеңімен көшірілуде.

Отырыс соңында кеңес мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сұрақ-жауап алаңында мазмұнды ойлар мен тың бастамалар айтылды.

Ақсақалдар кеңесінің бұл жолғы отырысы өңірдегі мәдени саясаттың дамуына серпін беретін маңызды диалог алаңына айналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: