Сәрсенбі, 05 қараша, 22:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы – Швейцария: жаңа серіктестік бағыттары айқындалды

05.11.2025

51 0

Қызылорда облысы делегациясының Швейцарияға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар ірі инвестициялық компаниялар басшыларымен кездесуді жалғастырды.

Қызылорда облысы - Швейцария: жаңа серіктестік бағыттары айқындалды


Сапардың үшінші күнінде Швейцарияның жетекші инвестициялық құрылымдарының бірі Inoks Capital SA компаниясының өкілі Николас Мэлкимен келіссөз жүргізді.
Кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті кеңейту, оның ішінде мал шаруашылығын, құрама жем өндірісін дамыту және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Облыс әкімі Қызылорданың инвестиция тартуға қолайлы жағдайларымен, дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерімен және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетімен таныстырды.

Қызылорда облысы - Швейцария: жаңа серіктестік бағыттары айқындалды


Швейцариялық тарап өзара тиімді серіктестік орнатуға және Қазақстан нарығында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев швейцариялық Swiss Choice Holding SA компаниясының басшысы Завье Рей мырзамен кездесті.
Онда тараптар балық шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Ардақ Темірханұлы Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік және балық шаруашылығы саласындағы әлеуетіне тоқталып, өңірде 11 балық өңдеу зауыты жұмыс істейтінін, оның 4-еуі халықаралық стандарттарға сай сертификатталғанын атап өтті. Жыл сайын 5 мың тоннадан астам балық өнімі өңделіп, шамамен 4 мың тоннасы экспортқа шығарылады.
Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді серіктестік орнату мәселелерін талқылады. Қызылорда облысының әкімдігі жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық және әкімшілік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесулер қорытындысымен швейцариялық әріптестер Қызылорда облысына арнайы сапармен келіп, өңірдің өндірістік, аграрлық және табиғи әлеуетімен танысуға шақырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: