Сенбі, 23 қараша, 00:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында бос жатқан 63 мың гектар жер анықталды

25.07.2022

857 0

Биыл Қызылорда облысында 63 мың гектар бос жатқан жер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай алқаптар мемлекет меншігіне қайтарылады. Қазірдің өзінде пайдаланусыз жатқан 160 жер учаскесіне осындай жұмыстар жүргізілді. Олардың жалпы аумағы 45 мың гектарға жуық. Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

Айта кетерлігі, өңірде елді мекендерге жақын аумақта жайылымдық жер тапшы. Мамандар мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер қайта айналымға енгізілетінін айтады.

«Бұл бағытта электронды цифрлық геопортал жүйесі арқылы жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде сол бойынша мемлекет меншігіне қайтару жүзеге асады. Облыста 5637 шаруа қожалыққа 2 мың 905 гектардан аса жер учаскесі табысталды», – деп мәлім етті облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: