Экономикалық зерттеулер институты (ERI) 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 26 қаласынан алынған мәліметтерді зерттеді. Өмір сүру сапасы рейтингінде көш басында Қызылорда қаласы тұр.
Зерттеу 110 көрсеткішті пайдалана отырып жүргізілді, оның ішінде 70 статистикалық және 40 сауалнамалық көрсеткіш болды. Сарапшылардың пікірінше, жетекші қалалардың ұстанымдары бірқатар статистикалық көрсеткіштердің оң динамикасы және қала тұрғындарына жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен шешім шығарылған.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелері еліміздің барлық қалаларында әртүрлі дәрежедегі мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру сапасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсеткен. Кейбір қалаларда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Халықтың елдегі моноқалалардан кетуіне жоғары сапалы базалық қызметтердің жоқтығы себеп болып отыр.
Экономикалық зерттеулер институты қалалардың өмір сүру сапасының рейтингін жасау қалалар үшін әлеуметтік-экономикалық даму жолында кемшіліктері мен артықшылықтарын саралауға көмек болатынын алға тартты. Сонымен қатар олардың болашақ даму стратегияларын анықтауда маңызды нұсқаулық болатынын атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!