Сенбі, 21 желтоқсан, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының бюджеті екі есеге көбейді

04.02.2024

362 0

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аудандардың даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте Қызылорда қаласында атқарылатын жұмыстар талқыланды.

«Өткен жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда қаласының өсу динамикасы тұрақты деңгейде сақталды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 108,7% орындалып, 232,9 млрд. теңгені құрады. Бюджет 98,5% игерілді. Қаланың өз кірісі 2022 жылы 16,7 млрд. теңге болса, 2023 жылы 6,7 млрд. теңгеге өсті. Біз облыс орталығының дамуына басымдық берудеміз. 2022 жылдың басында қала бюджеті 51,6 млрд теңге болса, екі жылда бас шаһарымызға бөлінген қаржыны екі есе өсірдік. Өткен жылды Қызылорда қаласы 95,1 млрд. теңгемен қорытындылады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылорда қаласының бюджеті 2024 жылға 58,2 млрд. теңге болып бекітілді. Қала бюджетінің құрамында 40,4 %, немесе 23,5 млрд. теңге трансферттер, өз кірістері – 37,7 % (21,9 млрд. теңге), субвенция – 15,6 % (9,1 млрд. теңге), несиелер – 6,3 % (3,7 млрд. теңге). Даму бюджеті 16,1 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласының бекітілген бюджетінде жалпы құны 23,6 млрд. теңгені құрайтын 78 жобаға қаржы, оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 6,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, ақпан айында облыстық бюджетті нақтылау кезінде 6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Осылайша бюджет 64,2 млрд. теңгеге жетті.

Кеңес отырысында облыстық басқарма басшылары қала әкімі ұсынған жобалардың тұрғындар үшін тиімділігін, қажеттілігін сараптады. Жобалар жұртшылықтың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізуі тиіс.

Жиын соңында аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу қорытындысына тоқталды. Қала әкіміне жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық көлік жұмысын реттеу, экологиялық жағдайды жақсарту, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: