Сәрсенбі, 08 қазан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

08.10.2025

116 0

Бүгін Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған сол жағалау сәулетті тұрғын үйлермен толыға түсті. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асырылуда. Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен облысымызда 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер табысталды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда 5 600 пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Өткен айда 280 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар қоныстанды. Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әр отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

Іс-шарада жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтау сөз сөйледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: