Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйі» жаңа ғимаратының құрылыс алаңына барды. Бас мердігер «Астана Сервис LTD» серіктестігі құны 3 млрд 545 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыруға сәуір айында кірісті. Жыл соңына дейін құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.


Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3912,29 шаршы метр, бірінші қабатта ашық кеңістік форматында түрлі форумдар, лекциялар, көрмелер мен концерттер өткізуге арналған көпфункционалды залдар орналасады. Ал екінші және үшінші қабаттарда облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдарға арналған кеңселер мен қызметтік бөлмелер қарастырылған.Айта кетейік, 2022 жылдан бері облыс аумағында жаңадан 15 мәдениет нысаны салынды. Барлық 7 ауданда 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият орталықтары» бой көтерді. Сондай-ақ «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі пайдалануға берілді.


Өткен жылы мәдениет саласының қызметкерлеріне арналып алғаш рет көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер табысталды. Бұл мәдениет қызметкерлерін қолдау бағытындағы маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!