Сәрсенбі, 27 қараша, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада коммуналдық қызмет бағасы төмендеді

20.11.2023

455 0

Сурет: baribar.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2022 жылғы тарифтік сметалар мен қабылданған инвестициялық міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есептерді талдау қорытындысы бойынша Департаменттің бұйрықтарымен 16 табиғи монополия субъектісіне қолданыстағы тарифтерді 0,1% – дан 52,7%-ға дейін төмендете отырып, 28 уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Онда тұтынушыларға келтірілген залалды қайтару қаражат сомасы шамамен 883 млн. теңгені, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:

– жылу энергетикасы-2 субъектіге 9,1 млн. теңгені;

– кірме жолдар-7 субъектіге 21,9 млн. теңгені;

– сумен жабдықтау және су бұру – 6 субъектіге 834,4 млн. теңгені;

– газ тасымалдау- 1 субъектіге 17,6 млн.теңгеніқұрады.

Мысалы, уақытша өтемдік тарифтер ҚҚС-сыз:

– «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның суменжабдықтау қызметіне тұрғындар үшін тариф 1 м3-ге 42,61 теңгеден 38,48 теңгеге дейін немесе 9,7%теңгеге төмендетіліп;

– «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-нің сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін тариф 1 м3-ге 6,6%-ға немесе 60,08 теңгеден 56,13 теңгеге дейін төмендетіліп,

– «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін тарифтер есептеу аспаптары барларға 1 Гкал-ға 1097,87 теңгеден 1092,75 теңгеге дейін немесе 0,5%-ға, есепке алу аспаптары жоқтарға 1 Гкал-ға 1912,96 теңгеден 1904,05 теңгеге дейін немесе 0,5%төмендетіліп,

– «Құрылыс»АҚ-на кірме жолдар қызметіне тариф 1 вагон үшін 634,74 теңгеден 484,64 теңгеге дейін немесе 23,6%төмендетіліп;

– «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-не сарқынды суды бұру қызметіне тұрғындарға тариф 1 м3-ге 57,09 теңгеден 27,0 теңгеге дейін немесе 52,7% – ға төмендетіліп бекітілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

   реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: