Жұма, 22 қараша, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мемлекеттен қаржы алған шығармашылық үйірмелер тексерілуде

06.09.2024

446 0

Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша зерделеу жұмыстарында бірқатар кемшіліктер анықталды.

«Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, зерделеу барысында өнім берушілердің сабақ кестесіне сәйкес болмауы, бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі жүйесінің орнатылмауы секілді кемшіліктерге жол бергені анықталды. Сондай-ақ сабақ өтетін орындарға қойылатын талаптар орындалмаған. Құрал-жабдықтар толық емес, мекенжайдан көшіп кеткендігі сынды келеңсіздктер бар. Бейнебақылауды қарап көру барысында балалардың толық немесе мүлде болмауы жағдайы кездескен. Бұл бойынша 28 тамыз және 4 қыркүйек аралығында шығармашылық бағытта 23 өнім берушінің жұмысы зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша құқық қорғау органдарына хат жолданды. Өнім берушімен жария офертаға сәйкес келісім-шарт біржақты бұзылатын болады», – деп мәлім етті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан.

Ақпарат көзі: Kazinform.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: