Сенбі, 22 қараша, 14:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті

22.11.2025

46 0

2025 жылғы 21 қарашада Қызылорда қаласында «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, тіл саясатын іске асыру мәселесіне жауапты өңірлік басқармалар, тілдерді оқыту орталықтары және ұлттық компания өкілдері, филолог-ғалымдар, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, тіл жанашырлары, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық, аудандық филиал төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.

Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті


​Семинар екі бөлімнен тұрды: тәжірибелік және пленарлық.
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар «Анаға тағзым» ғимаратында жиналып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған әртүрлі практикалық жобалармен танысты.
Абай облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдері «DIGITAL ABAI» IT-хакатоны арқылы мемлекеттік тілді дамыту тәжірибесін таныстырды.
Қостанай облысының «Тілдарын» орталығы «Ұлттық диктант» жобасын өткізудің үздік тәжірибесін ұсынды.

Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті


Атырау облысы әкімдігінің өкілдері әкімшілік құқық бұзушылықтарды бірыңғай платформа арқылы басқару тәжірибесін бөлісті.
Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу және мемлекеттік мекемелерге тексеру нәтижелері бойынша тәжірибелерін ортаға салды.
​Қатысушылар әр баяндамадан кейін сұрақ-жауап сессиясына қатысып, өз өңірлерінде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді талқылады.

Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті


​Семинар Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында жалғасты. Пленарлық бөлімде қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы үздік тәжірибелер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саясатының жүргізілуі, ғылым тілін қазақ тілінде дамыту мәселелері, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту тақырыптарын талқылады.
Атап айтқанда:
• Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары мемлекеттік тілдегі ғылыми жұмыстар мен инновацияларды дамыту жолдарын көрсетті.
«Тіл-Қазына» орталығы цифрлық технологиялар арқылы қазақ тілінің қолданылуын кеңейту тәжірибесін таныстырды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мемлекеттік тілдің ұлттық құндылықтар арқылы мәртебесін арттыру жолдарын ұсынды.«Қазақстанның орыс қауымы» Қызылорда филиалы мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдістерін бөлісті.
​Шара соңында мемлекеттік тілдің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген еліміздің бір топ азаматтары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғысхаттарымен марапатталды.
​Семинар мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын нығайтуға, оның қолданысын кеңейтуге бағытталған практикалық тәжірибелер мен инновациялық жобаларды бөлісуге арналған маңызды алаң болды.

Қызылордада ​«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: