Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түркістандық есірткі тасмалдаушы сотталды

06.11.2023

646 0

Түркістан қаласынан азаматы «ІnDriver» қалааралық такси қызметін көрсете отырып, Түркістан қаласынан Астана қаласына, «Huyndai elantra» автокөлігімен, «Қызылорда – Павлодар» тас жолымен жолға шыққан.
Такси жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатып, көлікті қызметтік иттің көмегімен тексереді. Тексеру барысында машинаның жүксалғышындағы сөмке ішінен 150 дана сіріңке қораптарына салынған марихуана шықса, сондай-ақ алдынғы жолаушының орындығының астынан тағы 4 қорап табылған, жалпы салмағы 1кг. 14гр. құраған.
Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, такси жүргізушісінде табылған «жүкті» Түркістан тұрғыны Астана қаласына жеткізу үшін сәлемдеме ретінде бергені анықталды. Сәлемдеме жіберуші ұсталды.
Қызылорда соты ұсталған адамды ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу ) және оны он екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: