Жұма, 22 қараша, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы NIS мерейтойлық оныншы оқу жылын бастады

01.09.2022

832 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылында NIS Engineering технологиялық алаңы ашылады. Бұл жоба оқушылардың робототехника, ғарыштық модельдеу, ұшу аппараттарын жобалау, 3D дизайн, қолданбалы өнер бағытында заманауи технологияларды меңгеруге септігін тигізеді. Білім күніне орай өткен шарада Зияткерлік мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов жаңа оқу жылында жоспарланған істермен бөлісті:

– Оқушыларымыз – мемлекетіміздің табысты болашағының кепілі. Биылғы оқу жылында біз сандық азаматтықты қалыптастыру, мектеп қауымдастығының әл-ауқатын арттыру, ғылым мен білім олимпиаларында жетістіктерге қол жеткізу және оқушыларымыздың қолданбалы дағдыларын дамыту жұмыстарына ерекше назар аударамыз. Бүгінде мектебімізде NIS Engineering алаңының құрылысы қарқын алып, болашақта шәкірттеріміз STEAM және стартап жобаларымен айналысуға мүмкіндік алады. Бүгінгі Білім күнімен құттықтай отырып, барлық игі бастамаларыңызға жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін.

Мерекелік жиында «Жаңа Қазақстанның негізі – білімді ұрпақ» ұранымен жас зияткерлер әртүрлі қойылымдарда мектеп өмірін сипаттап, ұстаздарға деген құрметтерін тақырыптық әндермен жеткізді. Сонымен қатар жаңадан келген 7-сынып өрендерін салтанатты қарсы алып, сәттілік тіледі.

Осы жылы «Өркен» білім грантын жеңіп алған 125 оқушы білім жолын Зияткерлік мектепте жалғастырады. Іріктеу конкурсында Қызылорда облысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған Әділет Ахмет NIS-те сапалы ілім алып, олимпиада мен байқауларда жақсы жетістіктерге қол жеткізуді мақсат етуде:

– Биылғы білім күні мен үшін ерекше. Жаңа білім ордасында, жаңа ұстаздармен, сыныптастармен қауышып, жаңа өмір парағы ашылды. Барлық оқушыларға осы оқу жылы сәтті өтуіне тілектеспін және түрлі іс-шараларда жеңіске жетіп, мақсаттары орындалсын деп тілеймін.

Ұстаз бен шәкірт табысатын шаттыққа толы шарада дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар тәрбиелік сабақтарға бет алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: