Жексенбі, 24 қараша, 19:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаға «Сергек» келді ме?

21.05.2024

963 0

Өңірде көлік жүргізушілер арасында «Сергек» камерасының келгені қызу талқылануда. Тіпті желі белсенділері «Айыппұлдан түскен қаражат жеке мекемелердің қалтасын толтырады» деп те дабыл көтерді. Біз бұл тақырыпта Қызылорда Полиция департаментіне сұрау салған едік.

«Қызылорда облысының Полиция департаменті мен «Sergek Group» ЖШС мекемесі меморандумға отырып, Қызылорда қаласына пилоттық режимде 100 дана бейнебақылау камераларын және 10 дана «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, салынған айыппұлдардан түскен қаражат мемлекет бюджетіне түсетіндігін хабарлаймыз.
Жоғарыда аталған құрылғылар толық іске қосылған кезде қосымша хабарланады», – дейді ондағылар.
Қалай дегенмен ереже бұзып, айыппұл арқалағаннан Абайша «асықпай жүріп, анық басқанның» артық етпейтіні рас. Әрине, бұған дейін басқа камераларда болғандай, техникалық ақау болып, халықтың қалтасына түсіп, нақақтан-нақақ айып арқаламаса жарар…

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: