Жұма, 05 желтоқсан, 21:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды

05.12.2025

39 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды
Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды


Президент өз сөзінде әр кәсіпкердің жетістігі ел мерейінің айқын көрінісі екенін атап айтты.


– Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын, – деді Мемлекет басшысы.

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды


Рәсімде сапа саласында жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін «Марал-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Нурсаитовқа «Алтын сапа» сыйлығы табысталды. Сонымен бірге, «Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушісі» номинациясы «Асыл дән LTD» ЖШС басшысы Нұрлан Алдамжаровқа берілсе, «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Сағыныш Орынбасаров “Парыз-2025” сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясымен марапатталды.

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, жауапты сала басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер салтанатты шараға селекторлық режимде қатысты.

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды
Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды


Айта кетейік, 2005 жылы құрылған «Марал-Нұр» серіктестігі әлеуметтік маңызды бағыттарға жолаушылар тасымалы қызметін көрсетеді, 226 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Паркінде 59 вагон бар, 5 облысты қамтитын екі бағытта жыл сайын 800 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды.
«Асыл дән LTD» ЖШС – 2013 жылы құрылған Қазақстандағы жетекші күріш өңдеу кәсіпорындарының бірі. Бүгінде компанияда 63 білікті маман еңбек етеді. «Лидер», «Янтарь», «Элита», «Баракат» сортты жылтыратылған күріш, сондай-ақ терең өңделген өнімдер, күріш ұнтағы, қауыз және тары өндіреді. Сапаны қатаң бақылау мен өндіріс процестерін үздіксіз жетілдірудің арқасында компания өнімдері Қазақстан аумағында және шет елдерде тұрақты сұранысқа ие.
Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны, республикадағы инновациялық серпінді өндірістердің бірі. 2007 жылы бері индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорын жылына 500 мың тонна қуаттылықпен күкірт қышқылын өндіреді. Бүгінге дейін кәсіпорын 6,5 млн тоннадан астам өнім шығарды. Зауытта 273 адам еңбек етеді, олардың 90%-дан астамы – жергілікті тұрғындар.

Қызылордалық кәсіпкерлер марапатқа ие болды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: