Сенбі, 15 наурыз, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалықтар Амал күнінде қоныс той тойлады

15.03.2025

28 0

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Амал күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін Амал күнімен және алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларға тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтай өтуде. Алқалы жиында құрылтайдың бесінші отырысын келер жылы Сыр елінде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл – біздің аймағымыз үшін тарихи сәт. Өйткені алты Алаштың астанасы болған, тоғыз жолдың торабында орналасқан өңіріміз ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданатын орталыққа айналады. Оған қоса, бүгін көктемнің келгенін айқын сездіретін Амал күнінде, Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа пәтер кілттері табысталуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жылдай уақыт бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Бұл қомақты қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда. Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленіп, ішінен балалардың әсем күлкісі мен үлкендердің қуанышты үні естілсін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылордалықтар Амал күнінде қоныс той тойлады

Іс-шарада ел ағаларына, жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Қызылорда қаласы және Арал ауданының құрметті азаматы Имамадин Оңғарбаев батасын берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: