4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай рәміздер алаңында салтанатты шара өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов қатысып, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.
Салтанаты шарада аймақ абыройын асқақтатып, ел намысын қорғап, көк туды биікке көтеріп жүрген бірқатар спорт саңлақтары, басқа да сала мамандары аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Мемлекеттік рәміздер мерекесі мұнан соң концерттік бағдарламаға ұласты. Сыр өнерпаздары патриоттық әндер орындап, ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар мерекеге орай қала көшелерінде автошеру ұйымдастырылды.
Биыл мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде мемлекеттік әнұран бір мезгілде орындалды. Сонымен бірге қала және аудандардағы ғимарат терезелеріне, балкондарда мемлекеттік ту ілініп, «Туымыз – төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда. Ал әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.
Бибігүл Қалдыбай,
Абылайхан Тұрсынғали
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!