Жұма, 08 тамыз, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Рахима Қаржаубайқызы – мерейлі 70 жаста

08.08.2025

57 0

Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, қоғам қайраткері Ахметова Рахима Қаржаубайқызының 70 жасқа толуына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шараны Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы жүргізіп, мерейтой иесіне облыс әкімінің атынан Облыстың ең жоғарғы марапаты облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар, дәстүрге сай мерейтой иесіне камзол кигізіліп, кестелі орамал мен әсем гүл шоқтары сыйға тартылды.

Салтанатты жиын барысында Мейрамбек Зинабдинұлы ардагердің өмір жолына тоқталып, оның өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді қызметін, ел бірлігі мен келісіміне қосқан үлесін жоғары бағалады.

– Құрметті Рахима Қаржаубайқызы, Сіз – елмен бірге жасап, халық игілігі жолында аянбай еңбек еткен ардақты тұлғасыз. Кеңестік кезеңнің партия мектебінен өтіп, Тәуелсіздік жылдарында да қоғамдық өмірдің бел ортасында болдыңыз. Өскелең ұрпақ үшін өнеге боларлық қайраткерсіз, – деді ол өз сөзінде.

Рахима Қаржаубайқызының есімі Қызылорда жұртшылығы үшін қоғамдық белсенділіктің, әйелдер көшбасшылығы мен этносаралық татулықты нығайтудың жарқын символына айналған. Ол – облыстық саясаткер әйелдер клубының төрайымы ретінде нәзік жандылардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

Мерейтой иесіне арналған жүрекжарды лебіздерін білдіру үшін арнайы шақырылған қадірлі қонақтар – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Жұмабаев Асылбек Теңелұлы мен білім саласының ардагері Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы өз естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: