Сейсенбі, 20 қаңтар, 18:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Ресей салады делінген 3 ЖЭО: Президент Үкімет пен «Самұрықтың» жұмысын сынады

20.01.2026

56 0

Фото: ШҚО әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында салынуы керек болған жаңа жылу-электр орталықтарының құрылысы тым ұзаққа созылып бара жатқанын сынады, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жаңа жылу-электр орталықтарын салу сияқты маңызды жобаларды жедел іске асыру күн тәртібінде тұр. Мойындау керек, бұл мәселенің шешімі ұзаққа созылып кетті, ал адамдар күтіп жүр. Бұл сыным Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына қатысты. Курчатовта электр станциясын салып, Екібастұздағы №2 ГРЭС-те қосымша энергия блоктарының уақытылы іске қосу керек, №3 ГРЭС-тің құрылысын бастау қажет, – деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Электр желісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін газ генерациясын дамыту керектігі де айтылды.

– Табиғи газдың әлеуеті жаңа кен орындарын іздеу арқылы күшейтілуі мүмкін және күшейтілуі керек те. Өкінішке қарай, көгілдір отын өндірісі экономикамыздың өсіп келе жатқан қажеттіліктерінен артта қалып отыр. Былтыр ғана тауарлық газ импорты 18 пайыз өсіп, 4,5 миллиард текше метрге жетті. Ал жаңа газ кен орындарын пайдалануға беру баяу жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі ахуал тиімсіз жоспарлаудың тікелей салдары болып отыр, – деген Мемлекет басшысы «QazaqGaz» басшылығына өз қаражаттарына инвесторлар тарта отырып, перспективалы учаскелерді игеруге кірісу тапсырылғанын атап өтті. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарын жандандырып, көмірсутектердің жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз етуге тиіс. Газ өңдеу бағытындағы ірі жобалардың уақтылы іске қосылуын бақылауды күшейту қажет. Ниеттестік туралы декларация емес, нақты нәтижелер қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: