Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Республика күні бекітілген облыстық іс-шаралар жоспары аясында атап өтіледі

24.10.2024

161 0

 Республика күні – халықтың рухын көтеріп, бірлікті бекемдейтін, ынтымақты арттыратын айшықты мереке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керек» – деген болатын. Ұлттық мереке аясында облыс көлемінде өтетін іс-шаралар туралы облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов журналистерге арналған баспасөз конференциясында айтып берді.

Республика күнін жоғары деңгейде атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.

Жоспар кешенді әрі негізгі шараларды қамтыған 50 тармақтан тұрады.

Қала және аудан орталықтарын көрнекі безендіруге ерекше мән берілген.

Мереке мазмұнын толық ашу үшін  қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, ағартушылық-зияткерлік, ғылыми-танымдық және спорттық шаралар 18 қазаннан бастау алды. Тарихи тұлғалар және Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтардың мерейтойлары кеңінен аталып өтті.

Облыс әкімінің қатысуымен Қазалы ауданының Абай ауылы «көгілдір отынға» қосылды. Әйтеке би кентінде 200 келушіге арналған спорт кешені ашылды, 120 пәтерлі 60 тұрғын үйдің кілті әлеуметтік осал топтағы отбасыларға табысталды.

19 қазаннан бері қала және аудандарда «Алтын күз-2024» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбіліктер,  «Менің аулам», «Менің көшем», «Менің туған жерім» атты экологиялық отбасылық сайыстар өткізілді.

21-26 қазан аралығында қайырымдылық ұйымдар және ерікті азаматтар әлеуметтік осал топтағы тұрғындарды қолдау мақсатында «Жанашыр жүрек» жаппай қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Білім мекемелерінде тәрбие сағаттары, танымдық кештер,  Мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, патриоттық әндер байқауы өткізілуде.

23 қазанда ауыл спортшылары арасында «Алтын күз – 2024» облыстық XXXVII спартикадасы болады.

24 қазаннан  «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы аясында Мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, көпқабаты үй балкондарына мемлекеттік ту ілу  флэш-мобтары, Отан туралы шығармалар орындау челленджі ұйымдастырылады.

Сонымен бірге облыс әкімінің қатысуымен салтанатты концерт өтіп, өңірдің,  елдің дамуына сүбелі үлес қосқан жерлестеріміз марапатталады.

25 қазан күні  барлық аудандар мен Қызылорда қаласының Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Қыран елім – Қазақстаным!» Мемлекеттік туды салтанатты көтеру шарасы өткізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: