Сенбі, 25 қазан, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

24.10.2025

43 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған басқарма, департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірде атқарылған, жоспарланған жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

«Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн», – деген болатын.Рухы биік бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты парызымыз.Бүгінгі мерейлі сәтті аймағымыз толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен, ерекше көңіл-күймен қарсы алуда. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етіліп, республикада алдыңғы қатардамыз.Биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн. теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есе артты.Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Ата-бабамыздан мирас болған мәдениетіміз бен ұлттық дәстүрлерімізді сақтаған, ана тілімізді биік тұғырға қондырған халқымыз бекем бірлігімен жасай бергей!», – деді Н.Нәлібаев.

Сыр өңірінде 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілген. Сондай-ақ 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 144 млрд. 775 млн. теңге бөлінді. Биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Қызылорда қаласында 270 көше қайта жаңғыртылды.

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 83 пайызға жетті.

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

Кейінгі жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер табысталды. Аудандарда алғаш рет бір жарым мыңға жуық жаңа пәтер жерлестерімізге берілді. Биыл 3 600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінген.

Республика күніне арналған салтанатта еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды.

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: