Сенбі, 25 қазан, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

24.10.2025

48 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған басқарма, департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Мерекелік іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды.​Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының режиссері Хұсейін Әмір-Темірге ІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Елорда төрінде өткен салтанатты жиында жырау, педагог, фольклор зерттеуші-ғалым, ұстаз Алмасбек Алматов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Қоғам қайраткерлері Биғали Қаюпов, Ибрагим Әбибуллаев, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Асылбек Жұмабаев, «Дәнекер құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Әбдімәжит Жансақалов, «СМП-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Темірхан Әлімқұлов, «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлістігінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Сыр самалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бердібек Мыханов, еңбек ардагерлері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы мен Махмұтбай Әміреұлы «Парасат» орденімен наградталды.

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

«Құрмет» ордені Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетоваға, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Орынбасар Әлжікке, «Марал – Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Нұрсайытовқа, «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Үйсінхан Балатаевқа, «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұржан Пірмантаевқа, «Нағи» шаруа қожалығының төрағасы Серік Дүйсенғазиевке, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрғали Қордабайға, «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Имандосовқа, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, әнші-композитор Индира Елубаеваға, «Алтын дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаевқа, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаковқа, «Алтын брикс Қызылорда» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Балмейір Сансызбайұлына, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ерсұлтан Әпетовке, Жер ресурстарын басқару комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Марат Көшековке берілді.

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

«Абзал және Компания» толық серіктестігінің бағбаны Батырбек Рахманбердиев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, 20 азаматқа «Ерен еңбегі үшін» медалі, 3 азаматқа «Шапағат» медалі табысталды.

Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды
Республика күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қызылорда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының белсенділері «Бірлік» алтын медалімен, Ассамблеяның Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевқа «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қызылорда облысы әкімінің бапсасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: