Қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын жассың ба? Табиғатты қорғау – сен үшін жай сөз емес, өмірлік ұстаным ба? Онда дәл қазір “Республикалық Эко-әдеттер челленджіне” қосыл!
Бұл челлендж – Қазақстан жастары арасында экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты әдеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ табиғатты аялауға арналған ерекше бастама.

Мақсатымыз:
Жастар арасында экосананы арттырып, таза болашаққа үлес қосу. Жауапты өмір салтын қалыптастырып, табиғатпен үндестік орнату.
Номинациялар:
🌱 Ағаш отырғызу және сенбіліктерге белсенді қатысу
♻️ Қоқыстарды сұрыптау
📚 Экобілім және ақпараттық ағарту
🎨 Эко-өнер (шығармашылық көзқарас)
💡 Экоинновациялар және идеялар
📅 Ұзақтығы:
2025 жылдың 30 қазанына дейін.
📲 Қатысу және сұрақтар бойынша:
@jasylel_kz парақшасының #direct бөліміне жазыңыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!