Жұма, 09 қаңтар, 12:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Роман Скляр XINFA GROUP басшылығы Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысы мәселесін талқылады

08.01.2026

114 0

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Қазақстан аумағында қазіргі заманғы өнеркәсіптік парк құрылысының инвестициялық өзара іс-қимыл және практикалық аспектілері мәселелері бойынша кездесу өткізді.

XINFA GROUP – сингапурлық компания, энергетика, алюминий және химия өнеркәсібі, сондай-ақ экологиялық құрылыс және аграрлық технологиялар саласында әртараптандырылған портфелі бар әлемдегі ең ірі индустриялық холдингтердің бірі. Компания 1972 жылы құрылған және бірнеше негізгі өндірістік бағыттар бойынша жаһандық көшбасшылық позицияларға ие.

Роман Скляр XINFA GROUP басшылығы Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысы мәселесін талқылады

Павлодар облысында толық циклді ауқымды өнеркәсіптік парк құру жөніндегі инвестициялық жобаның тұжырымдамасы көмірден, бокситтерден, мыстан, флюориттен және әктастан жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару мақсатында шикізатты терең өңдеуді көздейді. Атап айтқанда, алюминий, алюминий және мыс өндіру бойынша металлургия өндірістерін салу, жаңартылатын энергия көздері базасындағы нысандарды қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру, сондай-ақ сода, көміртекті материалдар және экологиялық құрылыс шешімдері өндіретін кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда. Инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен $15 млрд деңгейінде бағаланады, болашақ индустриялық парктің ауданы – 3 мың гектардан астам.

Xinfa Group басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн компания боксит, көмір және мыс кен орындарын қоса алғанда, Қазақстанның ресурстық базасына алдын ала талдау жүргізгенін және терең өңдеу тізбегін қалыптастыру мен қосылған құны жоғары өнім шығару контекстінде олардың өнеркәсіптік әлеуетін оң бағалайтынын атап өтті.

Роман Скляр Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сүйене отырып, өнеркәсіптік жаңғыртуды, стратегиялық инвестицияларды тартуды және технологиялық индустрияны дамытуды мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары ретінде қарастыратынын атап өтті. Үкімет халықаралық индустриялық топтармен ұзақмерзімді әріптестік тетіктерін қоса алғанда, ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін орнықты құқықтық және институционалдық база қалыптастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауға, индустриялық әріптестікті кеңейтуге және ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік расталды.

KZgovernment

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: