Руслан Берденов Алматы даму орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұдан былай Берденов «Алматы даму орталығының» директоры қызметін атқарады.
Аталған ұйым Алматы қаласы әкімдігіне қарайды және оның басты мақсаты – қаланы өмір сүруге ең қолайлы мегаполистердің біріне айналдыру. Бұл — орталықтың ресми даму тұжырымдамасында көрсетілген басты міндет.
Бұған дейін орталықты Андрей Шовкопляс басқарған еді.
Руслан Берденов әзірге өз тағайындалуы жөнінде ресми пікір білдірмеген. Дегенмен, оның Instagram парақшасындағы жазбаларына қарағанда, ол бірнеше күннен бері Алматыда жүрген. Жаңа басшы «Қайрат» футбол клубының матчын тамашалап, қаланың жасыл аймақтарында серуендеген суреттерін бөліскен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!