Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Саяжайда да өмір бар

04.11.2023

931 0

Қалаға жақын орналасқан сая­жайларда да бір қауым ел бар. Сая­жай тұрғындары әрдайым өздері мекен еткен аумақтың сан мәселесін айтып келеді. Жол, су, ауызсу, аяқсу және басқа мәселелер саяжайдың көкейкесті пролбемасына айналған. Жақында ай­мақ басшысы қабылдауға келетін сая­жай тұрғындарының мәселесін зерт­теп, оларды шешу мақсатында зерделеуді тапсырған еді.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және қала әкімі Асылбек Шәменов құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшыларымен бірге қала іргесіндегі «ПМК-29», «ПМК-66» саяжайларының тұрғындарымен кездесті.

«ПМК-29» – «Электромонтажник», «Мелиоратор», «Самал-2», «Аэрофлот», «Сантехник» саяжайларынан құралған. Ресми есеп бойынша мұнда 2000-ға жуық халық тұрады. Қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес аптасына 3 рет қатынайды. Саяжайлықтар жолаушылар тасымалын күнделікті режимге ауыстыруды сұрауда. «Автобус паркі» ЖШС басшылығына кестеге өзгерістер енгізу тапсырылды.

Саяжайда электр желілерінің тозығы жеткен. Соның салдарынан қыс мезгілінде тұрғындардың тұрмыстық техникасы істен шығып қалатын жағдайлар жиі кездеседі.  «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесі зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қолға алады.

Тұрғындарды толғандырған түйткілдің бірі – саяжай аумағындағы «Иіркөл» жасанды көлінің жеке кәсіпкерге 49 жылға жалға берілуі. Көл иесі аумақты қоршап, арнайы су өткізгіш құрылғы орнатқан. Соның салдарынан саяжай халқы балық аулап, бау-бақшасына аяқсу жеткізе алмайды. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы көл айналасындағы дауға байланысты заңдылығын қарау үшін құқық қорғау органдарына тапсырма берді.

Сонымен қатар «ПМК-29» саяжайын қаламен байланыстыратын аралықтағы жол­ды жөндеуге қатысты нақты шаралар қа­растырылатындығы айтылды.

Ал «ПМК-66» саяжайының 250-ге жуық тұрғыны сапалы жол салып, ауызсу желісін тартуды сұрайды. Қала әкімі Асылбек Шәменов жол жағдайы мен ауызсудың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, түнгі жарықтандыру жоспарға енгізілетіндігін жеткізді.

Қала басшылығының тұрғындармен кездесуі «Ягодка» және «Пищевик» сая­жайларында өтті.

Аумағы 92 гектар «Ягодка» мен «Пищевикте» 1200-ге жуық халық тұрады. Тұрғындарды қаламен байланыстыратын қоғамдық көліктер күнделікті қатынауда. Бұған дейін қос саяжайдың 7 көшесіне қиыршық тас төселіп, жаңа электр желілері тартылған.

Кездесу барысында тұрғындар тағы бір­неше көшені жөндеуден өткізуді, ауызсу желісін тартуды, сондай-ақ, «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады.

Көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қолға алынбақ. Демек, саяжайдың күрмеуі шешілмеген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатын күн алыс емес.

Гүлмира МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: