Сейсенбі, 20 қаңтар, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Сарапшылардан Конституция құрылысына байланысты 1500-ден астам ұсыныс түскен

20.01.2026

38 0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Парламент реформасына арналған жұмыс тобына Конституция құрылысына байланысты 1500-ден астам ұсыныс түскенін мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Біз Парламент реформасы бойынша бес жүзден астам түрлі ұсыныс алдық. Бірақ сонымен бірге заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері тарапынан жалпы конституциялық құрылыс мәселелері бойынша үш есе көп ұсыныс түсті. Бұл мәселелердің бәрі қазіргі жұмыс тобының құзыретінен тыс, бірақ өте негізді, қызығушылық тудырады және мұқият қарауды қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзіне қарағанда, бұл ұсыныстардың ішінде мемлекеттік билік жүйесінде өңірлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілі болу керектігі көп айтылған.

– Әрине, бұл елемеуге болмайтын маңызды тақырып. Бұл мәселені шешуге мемлекеттің мүддесін ескере отырып, жауапкершілікпен қарау керек екені анық. Барлық жоспарланған өзгеріс бір-бірін органикалық түрде толықтыруы керек, ешқандай жағдайда өзара қайшылыққа түспеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: