Жұма, 23 қаңтар, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

23.01.2026

68 0

Фото: Облыс әкімдігі

Қазалы ауданындағы Сарыбұлақ ауылына ауызсу қосу рәсімі өтіп, оған Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді


Облыстық мәслихат төрағасы сарыбұлақтықтарды құттықтап, ауылдарға, әсіресе шалғай елді мекендерге инфрақұрылым игіліктерін жеткізудегі жетістіктерді атап өтті.

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

«Сыр елінің бас шаһарында өткен, егемен еліміздің болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданған Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы тарихымызға алтын әріппен жазылды. Қабылданған шешімдер халқымыздың болашаққа деген сенімін арттырып, ұлт бірлігін нығайтады.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты шалғай елді мекендерге ауызсу, газ тартылуына, жол мен замани әлеуметтік нысандар салынып, тұрмыс сапасын жақсартуға оң ықпал етуде.
Осы орайда Сарбұлақ ауылын таза ауызсу желісіне қосу жұмыстарымен айналысқан мердігер «Дәнекер» мекемесіне, игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Таза ауызсудың келуі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарта түседі сенеміз», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

Рәсімде ауылдың өркендеуіне үлес қосқан аға буын ардагерлерге, ауыз су жүргізген мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Наурызбай Сейтқалиұлы сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Сердалы Сағымбаев батасын берді.

Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен аймақта денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда.

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

Аталған жоба аясында Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауызсу желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер есебінен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді
Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

Енді Сарбұлақ ауылына таза ауызсу келіп, шалғай елді мекеннің тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының халқы 100 пайыз таза ауызсумен қамтылды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 27 млрд теңгеге жетті. Ал соңғы үш жыл ішінде аудан экономикасына шамамен 80 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге өңірдегі 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты. Өткен жылы 41 елді мекендегі 66 жобаға 15 млрд. 155 млн. теңге қаралды. Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауызсумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: