Сейсенбі, 02 қыркүйек, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65, 2178
30.08.2025
PDF мұрағаты

Сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды

02.09.2025

66 0

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде ашылды, – деп хабарлайды Қазақпарат.

– Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Онда Президентіміз жылдағы дәстүр бойынша халыққа Жолдауын жариялап, алдымызға жаңа міндеттер қояды, – деді Мәжіліс спикері.

Айта кетейік, осы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент тапсырмасымен сегізінші сайлаған Парламенттің төртінші сессиясын ашты.

Бірлескен отырысқа Сенаттың 50 депутаты және Мәжілістің 97 депутаты қатысып жатыр.

Сонымен қатар жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, орталық мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. 

– Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: