Жұма, 27 қыркүйек, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

Семейде қала күнінде 20 отбасы баспаналы болды

22.09.2024

280 0

Фото: El.kz

Семейде қала күні аясында Цементшілер кентінде пәтер кезегінде тұрған 20 отбасыға  пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Баспаналы болғандардың барлығы әлемеуметтік осал топ санатындағылар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін қала күні және қоныс тойларымен құттықтады. 

Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Тамыз айында 237 пәтердің кілттері кезек тәртібі бойынша  табысталды. Бүгін қала күні қарсаңында 20 отбасы баспаналы болады.  Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 77 азамат баспанамен қамтамасыз етілгенболатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасыжаңа баспанаға қол жеткізді. Соңғы жылдары бұл – мемлекетіміздегі әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі, халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам.
– деді Семей басшысы.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй соңғы үлгіде, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына ыңғайлы етіп салынған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: