Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Серік Қожаниязов: «Мектеп директорын жұмыстан шығарғанмен, мәселе шешілмейді»

06.06.2024

752 0

Жаздың алғашқы күнінде-ақ екі бала суға кетті. Артынша темір жолдың арғы бетіндегі Шанхай аумағында балалар бір-бірін пышақтады. Төбелестің арты ажалға ұласқан қос мұғалім де осы бағыттағы рейтингті төбеден бір-ақ шығарды. Бұл бағыттағы мәселе күн тәртібінен түспей тұр. Қалалық мәслихатта өткен жиында тек білім саласының ғана емес, құқық қорғау, төтенше жағдай саласы мамандары мен қалалық мәслихат депутаттары да қатысты.

– Бірдеңе бола қалса, ең оңайы – мектеп директорын жұмыстан босату. Бүйте берсек, жұмыста ешкім қалмайды. Сіз де, біз де кете береміз солай. Облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс берілді. Бұл – тек білім саласының ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі екенін түсінуіміз керек. Түсінемін, еңбек демалысының уақыты. Бірақ түнгі рейдке келгенде «Мен – демалыстамын» деген болмау керек», – деді қала әкімі Серік Қожаниязов.
Күні кеше бір түнде ғана жасөспірімдерге қатысты 56 әкімшілік-құқық бұзушылық тіркелген. Ал жыл басталғалы кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне 173 хаттама толтырылса, оның 48-і – бір жылда бірнеше рет қайталанғандар. Бұл ретте әрине, ата-ананың жауапкершілігі де қаралғаны орынды.
Жазғы демалысты тиімді өткізу шараларына жіті мән берілу керек шығар? Біз ата-аналармен жұмыс істедік, рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Енді біз не істеуіміз керек? Бұдан нәтиже шықпаса, бәлкім жұмыс бағыты мен көзқарасымызды өзгерту керек шығар?! Спорттық үйірмелердің, клубтардың жұмысын жолға қояйық, – деді қала әкімі жиында.
Таяуда ғана тағайындалған қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова жиында сөз алып, болған жағдайлардың ұстаз атына кір келтіргенін мойындайтынын, жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алудағы қадамдардың жасалып жатқанын жеткізді.
-Әрине, ұстаз атына кір келді. Оны қоғам алдында мойындап отырмыз. Балалардың қауіпсіздігіне келсек, мектеп директорларымен іс-шаралар, ата-аналармен жиналыстар өткізіліп тұрады. Облыс әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына сай өтуде. Мұғалімдердің 80 проценті еңбек демалысында. Бірақ, солай екен деп олардың түнгі рейдтегі белсенділіктері төмендеген жоқ. Менің ұсынысым, суға түсу маусымы кезінде қаланың бірнеше бөлігінен балаларға тегін суға түсетін арнайы жерлер белгіленсе, – дейді Ж.Сәдуақасова.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: