Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге Telegram желісін пайдалануға тыйым салынды

21.09.2024

317 0

Сурет: shutterstock.com

Украинада шенеуніктерге, әскери және маңызды инфрақұрылым қызметкерлеріне Telegram желісін пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы  Euronews басылымы хабарлайды. 

Бұл шешімді Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қабылдаған.

Украина қауіпсіздік қызметі мен қарулы күштердің бас штабы Telegram желісін Ресей «кибершабуылдар, зиянды бағдарламаларды тарату, пайдаланушылардың орналасқан жерін анықтау және зымырандық соққыларды дәлдеу үшін» пайдаланады деп мәлімдеді.

Шектеу тек желіні қызметтік міндеттерін орындау үшін пайдаланатын адамдар үшін ғана енгізілген. Басқа украиндықтар қолданбаны жеке құрылғыларында еркін пайдалана алады.

Euronews мәліметінше, Telegram мессенджері Украинада ресейлік әуе шабуылдары туралы ақпарат алмасу үшін кең қолданылады. Сондай-ақ Украина шенеуніктерінің, соның ішінде президент Владимир Зеленскийдің де халықпен қарым-қатынас жасау үшін қолданатын негізгі желілерінің бірі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: