Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

СІМ Газа секторындағы қазақстандықтарды шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр

26.10.2023

614 0

Бүгінде Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын шығару үшін келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан вице-министр Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Газа секторындағы жерлестерімізбен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

«Бұл аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу үшін Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып жатыр. Әзірге бірде-бір шетел азаматы Газа секторынан шыға алмады. Сондықтан жұмыс жалғасып жатыр», – деді Қайрат Омаров.

Оның айутынша, бүгінде Газа секторындағы жағдай өте күрделі.

«Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны туралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар. Сондай-ақ, бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін емес. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтаймыз», – деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ өкілдері Газа секторында 100-ден аса қазақстандық жүргенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен қаза тапқаны хабарланған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: