Жұма, 22 қараша, 00:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтар да Тәуелсіздік мерекесін атап өтті

16.12.2023

212 0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде  сотталғандар арасында мерекелік шара өтті.

16- желтоқсан “Тәуелсіздік күні” елімізде болған оқиғаны қысқаша баяндап, ұрпаққа тарту еткен кең байтақ еліміз жайында сотталған азаматтарға баяндама жасалды. Шара барасында мекеменің тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Ерлан Романкулов сотталған азаматтар арасында спорттық сайыс өткізілді. Ең алдымен шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар арасында ҚР мемлекеттік ән ұраны шырқалды. Кейін шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, гір тасын көтеру, турникке тартылу және қол күрес арқылы бір-бірімен бақ сынасты.

Сотталған азаматтар өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, мерекемен құттықтады.

Шара соңында сотталған азаматтар көңіл көтеру мақсатында домбыра және гитарамен патриоттық әндерді шырқап, көңіл көтерді.

Тәуелсіздік мерекесіне орай жазасын өтеуші азаматтарға төс белгі мен алғыс хат тарту етілді.

Бүгінгі келіп жеткен, ата-бабамыз аңсаған тұғырлы тәуелсіздік мерекемесі мен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Айтулы мерекеде мекемеде жазасын өтеп жатқан шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп, тарихымыз жайында баяндама жасалды. Белсенді бола білген сотталғандар арасында спорттық сайыс өткізіп, марапаттар тарту етілді. Егеменді еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді тәрбие бөлімінің басшысы Е.Романкулов.

Мөлдір ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: