Жұма, 22 қараша, 02:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтар психолог маманмен кездесті

06.11.2023

693 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Менің отбасым» тақырыбында №37 мекемесінің психолог маманы Ақгүл Аманова мен кездесу өтті.
Кездесу барасында сотталған азаматтардың психологиялық жай күйін тексеріп, отбасыларына деген қарым-қатынастарын нығайту мақсатында өтті. Ең алдымен, психолог маман жазасын өтеуші азаматтар мен жеке сөйлесіп, кейін, ақпараққа өздеріне жақын жандардың аты-жөндерін жазғызып, ұнамайтын жақындарының есімі жазылған парақты жыртып тастауды бұйырды. Жыртылған парақты қайта түзей алмайтындығын білген сотталған азматтар өмірді түрлі жағайлар орын алатынын, орын алған жағдай бойынша қател іктерін түзей алмайтындығын түсінді. Дәл осындай тәжірибе арқылы сотталған азаматтар өз қателіктерін түсініп, бостандықтан кейінгі өмірлерін тек жақындарына арнап, адал еңбек пен қызмет атқаратындығын жеткізді.

  • Бүгінгі өткен тренингтен түсінгенім мол. Яғни, бізге тек жақындарымыз бен отбасымыздан артық ешкім жақын болмайтындығын, бізді қандай жағдай болмасын қолдайтындарын түсіндік. Әрбір басқан қадамымызды аңдап басып, бостандықтан кейінгі өмірімізді жақындарымыз бен жақсылыққа толы естеліктермен өткізгіміз келеді деп айтты- сотталған М есімді азамат.
    Сондай-ақ, №68 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында психолог мамандарымен бірлесіп, психологиялық көмек пен тәрбиелік жұмыстар жиі жүргізіліп отырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: