Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

08.12.2025

48 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен спорт саласын дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Бүгінде аймақта спорт саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл денешынықтыру мен спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаржы бөлінді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілген.

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Қазір 377 мыңнан астам жерлесіміз спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл – өңір халқының 44,6 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 мекеме бар.Кейінгі 3 жылда 21 спорт кешені пайдалануға беріліп, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен елді мекендерде тағы 5 нысан ашылады. Облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында жас ұрпақтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Биыл алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» ашылып, жұмысын бастады. Бұл бастама боксты дамыту ісіне оң серпін береді.Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион ашылып, онда спорттың бірнеше түрімен, атап айтқанда, бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастикамен айналысуға мүмкіндік туды.

Бұдан бөлек, облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанда олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін 50 метрлік бассейн, Азия, Әлем чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады. Ғимарат құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: