Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен футбол клубтарын коммерцияландыру мәселелері талқыланған мәжіліс өтті.
Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында елімізде футболды дамытуға қатысты нақты тапсырма берді.
Қазіргі таңда Сыр өңірінде тапсырмаға сәйкес тиісті жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл елімізде алғашқы болып «Қайсар» футбол клубы легионерсіз, жергілікті және отандық футболшылармен жаңа маусымды бастады. Клубта 600-ге жуық спортшы бар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылуда.
Бұдан бөлек, аймақта спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Нысан жақында ел игілігіне табысталады.
Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Соңғы үш жылда облыста 19 спорт кешені салынып, іске қосылған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!