Жұма, 04 шiлде, 15:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Елорда күніне байланысты ХҚКО мен
МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

04.07.2025

58 0

Елорда күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау    12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: