Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жолдау – жарқын болашаққа батыл қадам

02.09.2024

444 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес  Парламенттің кезекті бірлескен отырысына қатысып,  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»  атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Оның арқалайтын жүгі бір күн немесе бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек.

Жолдауда алда атқарылар бағыттардың тоғыз бағыты аталып өтті. Соның ішінде бір бағыт – ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Соның бірі – мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау. Бұл өз кезегінде науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттарын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында, бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау қажеттігін тапсырды. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі тиіс деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе.Бұл мәселені шешу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыруды тапсырды. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп,  тиімді тарату қажет деп атап өтті.

Ұлт саулығын қамтамасыз етудің тағы бір бағыты – бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі Жолдауда бұқаралық спортты дамытуға ерекше
мән берілді. Президент жастардың дені сау, мықты азамат болып өсуіне, ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша екенін атап өтті. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін тиісті тапсырмаларды нақтылап берді.

Жолдауға арқау болған тағы бір мәселе – экологиялық ахуалды жақсарту. Қ. Тоқаев халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажеттігін көтеріп, бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажеттігін тапсырды. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс деп атап өтті.

Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ендеше елдің ертеңіне алаңдаған ел Президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуына біз де бірлесе атсалысайық!

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: