Сәрсенбі, 05 қараша, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

05.11.2025

57 0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен сұйытылған газ мәселесі талқыланған жедел мәжіліс өтті.

Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысып, сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті
Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

“Облыс аумағындағы барлық операторлардың газ қорына мониторинг жүргізіп, қолдан тапшылықты болдырмау үшін талон арқылы сату және баға саясатына зерделеу жүргізіңіздер. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда нақты шаралар қабылдаңыздар.
Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануын болдырмау үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер.
Біздің өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын”, — деді Данияр Еренғалиұлы.

Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті
Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті
Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

Сонымен қатар, газды коммерциялық нысандарға сатпай, бірінші кезекте халықтың сұранысын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: