Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Су ресурстары министрлігі «Қазсушарға» тексеріс жүргізеді

12.01.2024

625 0

Фото: qazsu.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді. Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған.

Сондай-ақ тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК қызметін тексеруді бастады.

«Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою қажет», – деді Ғалымжан Молдаш.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: