Жұма, 12 қыркүйек, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Су ресурстарын цифрландыру маңызды

12.09.2025

48 0

Мемлекет басшысының 8 қыркүйек 2025 жылғы жолдауы Сыр елі халқының ойынан ойып орын алды деуге болады.

Біздің аймақ ауылшаруашылығы өңірі, оның ішінде мал және егін шаруашылығы негізгі экономика көзінің бірі. Жолдауда ауылшаруашылығы саласын дамыту және саланы цифрландыру жөнінде әсіресе ауылшаруашылығының драйвері су шаруашылығына арнайы тоқталып бірнеше тапсырма берілді. Су ресурстарының дүние жүзі бойынша азаюы біздің мемлекетке де орасан зор әсерін тигізгендігін биылдың өзінде еліміздің оңтүстік облыстарында су тапшылығын сезінгенін, су мәселесін шешу-әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі екенін атап кетті. Кейінгі екі жылда су саласының институционалдық негізі қалыптастырылғаны оның анық көрінісі. Су кодексін қабылдап, арнайы министрлік құрылғаны белгілі. Бүгінгі таңда арнайы мамандардың жетіспеушілігінен келіп жатқан судың 40-50 пайызы далаға кеткенін, суды есепке алу жөнінде жаңа технологияның мүлдем жоқ екендігін, су өлшеу құрылғысының бүгінгі талапқа сай келмейтіндігін атап көрсетті. Сол себептен су ресурстарының бірыңғай цифрлық реформасын жасау керектігін қадап айтты. Платформада жасанды интеллект негізінде жер асты және жер үсті сулары туралы мәлімет жинақтауда маңызды рөл атқаратынын, бұл өз кезегінде гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселенің толық шешімін табуына көмектесетінін айтты.

Бұл – ұзақ мерзімге су саясатын жоспарлаудың аса маңызды тәсілі. Онсыз бұл салаға тиісті бақылау орнатып, инвестиция тарту мүмкін емес. Су үнемдейтін технологияны енгізу жұмысы баяу жүргендігін, нақты нәтиже әлі де жоқ екендігі айтылды. Судың тапшы болатындығына қарамастан дихандардың суды көп пайдаланатын дақылды егетіндігін, шабындық жайылымдық жерге егін орналастыратындығы және шартты бұзып рұқсатсыз су пайдаланатындығын қатаң ескертті.  Сол сияқты судың тапшылығына қарамастан Кіші Аралды сақтап қалу мақсатында көптеген жұмыс атқарылғанын, соның арқасында Кіші Аралдың айдыны 36 пайызға ұлғайғанын, су көлемі өскендігін атап өтті.

Жалпы мемлекет басшысының халыққа берген жолдауы әсіресе Су ресурстар мәселесі сушылар үшін шабыт, жігерлендіру болса, су пайдаланушылар үшін тапсырма болды деп түсінеміз. Ендігі кезекте жолдаудағы су саласында атқарылатын жұмыстарды біріге отырып іске асыру әр сырбойылық үшін міндет деп есептеймін. Жолдаудағы көрсетілген тапсырмаларды қолдай отырып, іске асырып орындап шығамыз деген үлкен сенім бар.

                                                 Жорабек Нұрымбетов,

                                                Облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: