Бейсенбі, 17 шiлде, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Суды тиімді пайдалану шаралары басты назарда

17.07.2025

75 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі О.А. Бектеновтің төрағалығымен Су мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде вегетациялық кезенінің өтуі мәселесі талқыланып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналинов және облыстық басқарма, су шаруашылығы мекемелерінің басшылары селекторлық режим арқылы қатысты.

Биыл облыста 189,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап өту қажет, ағымдағы жылы вегетациялық кезең күрделі жағдайда өтуде. Егісті сумен қамтамасыз етуге 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимиті бекітілген. Бүгінгі күні, вегетациялық кезең басталғалы бері Сырдария өзенінен2,5 млрд текше метр су алынып, оның 2 млрд текше метрі егістікке берілді.

Қазіргі таңда Сырдарияға жоғарыдан секундына 401 текше метр су түсуде. Каналдар арқылы шаруашылықтарға 453,9 текше метр су жеткізілуі тиіс болса, нақты 340,5 текше метр алынуда.​ Суды тиімді пайдалану мақсатында тиісті министрліктермен бірлесіп, бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, қашыртқыдағы суды екінші мәрте пайдалану бағытында облыста 238 дана насос қондырғылары жұмыс жасауда. Оның ішінде, 25 дана насос қондырғылары Төтенше жағдайлар министрлігімен қолдау ретінде жеткізілді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс бойынша арнайы жұмысшы топтар құрылып, шаруашылық құрылымдар арасында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Магистралді және шаруашылықаралық каналдармен суды кезектестіріп беру кестесі бекітіліп, су кестеге сәйкес жіберілуде. Жалпы су үнемдеу бағытында 60 мың гектар күріш алқаптары лазерлік тегістеліп, су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші8,1 мың гектарға дейін артып, екі есеге ұлғайды. Аймақта вегетациялық кезеңнен өту мәселесі тұрақты бақылауда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: