«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақалалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақалалар байқауы.
Ұйымдастырушы:
«Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры.
Қатысушылар:
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар.
Мақсаты:
Облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігін насихаттау.
Міндеті:
Байқауға қатысушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбында ой еңбегін дамыту, үздік мақала жеңімпаздарын анықтау.
Қойылатын талаптар:
- Мақала Microsoft Word бағдарламасында терілуі тиіс;
- Негізгі мәтін қарпі аrial, 2 беттен аспауы тиіс;
- Мәтін қарпінің мөлшері 14 шрифт;
- Жол аралық интервалы 1;
- Мақала көшірме (плагиат) болмауы тиіс;
- Мақала қайтарылмайды.
Комиссия құрамы:
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері, филолог ғалымдар,БАҚ және үкіметтік емес ұйым мүшелері.
Комиссия өкілеттігі:
Комиссия мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың 29 қараша айында жинақталған мақалалар арасынан жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар қорытынды форумда марапатталады.
Жеңімпаздар:
Жеңімпаздарға(бас жүлде, I-орын, II-орын, III-орын) жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқауға қатысушы үміткерлер 2024 жылдың29 қарашаға дейінөзі туралы толық ақпаратты және мақаласын төмендегі кестеге сәйкес aizhan_erlankyzy@inbox.ru электронды поштасына жіберулері тиіс.
Қосымша ақпарат: +7 708 234 36 39 ватсап нөмері арқылы алуға болады.
Кесте
№ | Аты-жөні | Туылған күні, айы, жылы | Қызметі | Байланыс телефоны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
* Ескерту:Комиссия қарауына берілген жұмыстар қайтарылмайды, комиссия мүшелерінің шешімі талқылауға жатпайды!
Фото: aikyn.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!