Қызылорда қалалық ипподромында Бәйгеден Қазақсан Республикасының ІІ іріктеу кезеңінің чемпионаты өтті. Облысымызда үшінші мәрте ұйымдастырылған жүйріктер арасындағы тартысты бәсекеге барлық облыс және 3 қаладан 100-ге жуық сәйгүлік қатысты.
Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы Бахтияр Артаев, «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев қатысып, шабандоздарға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
– Бүгін Сыр елінде халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорты бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан ұлттық спорт жарыстары – ұлт руханиятын нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық. Жүйріктер арасындағы дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық сәйгүлік қатысуда. Шабандоздарымыз «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге», «Ұшқыр бәйге» бойынша сынға түспек. Олай болса, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін!, – деді Шахмардан Асқарұлы.
Шара барысында ҚР «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев құттықтау сөз сөйлеп, кіл мықтылар жиналған жүйріктер жарысы жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ақсақал атамыз шабандоздарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.
Сонымен ең алғашқы 8 шақырымдық Құнан бәйгенің жүлдегері мен жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:
V орын – Амангелді Нұрислам (Шымкент қаласы)
IV орын – Аңсар Арыстанбек (Алматы облысы)
III орын – Әділжан Асқарұлы (Алматы облысы)
II орын – Мерей Гарипуллин ( Алматы облысы)
I орын – Әміртай Аян (Жамбыл облысы)
14 шақырымға ұласқан Топ бәйгеде:
V орын – Санжар Иринат (Алматы облысы)
IV орын – Назар Жолаушы (Жамбыл облысы)
III орын – Мерей Гарипуллин (Алматы облысы)
II орын – Раян Тілеубай (Алматы облысы)
I орын – Сержан Бақтыбай (Алматы облысы)
Ұшқыр бәйгесі бойынша жеңімпаздар:
ІІІ орын – Иринат Санжар (Жамбыл облысы)
II орын – Әділет Рысбеков (Алматы облысы)
I орын – Сабыржан Байқұрман (Алматы қаласы)
Көрермендер көптен күткен 21 шақырымдық Аламан бәйгеде:
V орын – Манасбек Нұрхат (Жамбыл облысы)
IV орын – Орынбасар Нұрым (Жамбыл облысы)
III орын – Шыныбек Мырзахмет (Жамбыл облысы)
II орын – Амир Аманұлы (Жамбыл облысы)
I орын –Ілесбек Дамир (Жамбыл облысы)
Барша жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне серіктестер атынан қаржылай сертификаттар мен арнайы дипломдар табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!