Жұма, 21 наурыз, 14:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Сыр елінде Ұлттық спорт күні аталып өтті

20.03.2025

298 0

Фото: @Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін Наурызнама онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Осыған орай, Қызылорда қалалық ипподромында қазақтың ұлттық ойындарын кең көлемде дәріптеу мақсатында арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараның ашылуына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы қатысып, сырбойылықтарды Ұлттық спорт күнімен құттықтады.

– Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық спорт – өскелең ұрпақты үйлесімді тәр­­­бие­­леудің ажырамас бөлігі. Сол себепті ұлтымыздың тарихы мен дәстүрінен сыр шертетін ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттап, қайта жаңғырту баршамыздың парызымыз.Білек пен білім, күш пен мінез, төзім мен сабыр сынға түсетін сан түрлі сайыстар арқылы тәрбие мен тағылымды бойына сіңірген жастарымыздың әрдайым алда болары анық. Баршаңызға Ұлттық спорт күні құтты болсын!, – деді басқарма басшысы.

Сыр елінде Ұлттық спорт күні аталып өтті

Өз кезегінде спорт саласының құрметті ардагері Құрманғали Мырзаұлы ақ батасын беріп, көпшілік қауымға өзінің ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, мерекелік шарада Ұлттық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар спорт саласының қызметкерлері марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Ұлттық құндылығымыз ұлықталған мерекелік шарада тұсаукесер рәсімі өтті. Басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы қадам басқан бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ел мақтанышына айналар азамат болуына тілек білдірді. Одан кейін шара барысы спорт мектептері дайындаған мерекелік концертпен жалғасты. Сондай-ақ, ұлттық ойындарымыз көкпар, арқан тартыс, қазақ күресі, қол күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, аударыспақ, гір көтеруден жарыс өтіп, оған 400-ге жуық спортшы қатысты.

Сыр елінде Ұлттық спорт күні аталып өтті

Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірінде 29 446 адам ұлттық спортпен айналысады. Аймақта ұлттық спорттың басым көпшілігі ерекше қарқынмен дамып келеді.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: