Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңірі 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтылды

22.12.2025

64 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

«Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы, Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді.

Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.

Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.

Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылуда.

Осы бағытта биыл Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд.теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді.

Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде», – деді Н.Нәлібаев.

«2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты.

2.jpg
3.jpg

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: