Сенбі, 15 ақпан, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12,2125
15.02.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты

15.02.2025

46 0

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту барысын көрді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртыла бастағанын айтты.

Мердігер мекеме «Уад» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды және 1,2 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бүгінде қосымша жер телімдерін сатып алу қажеттілігі туындап, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөнделді.

Сыр өңірінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты

Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жалғасуда. Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жұмыс қарқынды жүруде, жоба биыл толық аяқталады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: