Сейсенбі, 20 мамыр, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде Жұмысшы мамандықтар жылына орай марафон өтті

20.05.2025

53 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында білім саласы қызметкерлері сондай-ақ, қарапайым жұмысшылар арасында жүгіруден марафон өтті.

Бұл марафонның негізгі мақсаты – өңірде бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын арттырып, қарапайым еңбек адамдарының спортқа қызығушылығын арттыру.Аталған жарысқа барлығы 170-ке жуық адам қатысты. Жүйріктер жарысы шаһардың сол жағалауында ұйымдастырылып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өткендерге арнайы алғыс хат пен медальдар табысталды.

Жарыс нәтижесіне тоқталсақ,

Қыздар арасында: І орын – Рашида Сарбасова (20 минут 23 секунд)

ІІ орын – Ирина Юнкинг (22 минут, 13 секунд)

ІІІ орын – Ақтолқын Жанболатова (22 минут, 30 секунд)

Ерлер арасында: І орын – Данияр Абляхатов (16 минут, 15 секунд)

ІІ орын – Данияр Оразбеков (17 минут, 25 секунд)

ІІІ орын – Талант Тілеуов (18 минут, 49 секунд)

Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Сыр өңірінде Жұмысшы мамандықтар жылына орай марафон өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: